ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская, көшесі. 4/2 ғимарат
+7(7232)75-28-62
kbalabaksha@mail.kz

Ата аналармен жұмыс\

«Ата-аналармен бірлескен жұмыс жүйесін дамыту»

Мақсаты: Баланы тәрбиелеп, дамыту мәселелері бойынша ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдерін арттыру негізінде балабақша мен отбасының өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.

Мақсатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары:

Ата-аналармен біріккен жұмыс мынадай негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

-серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету;

-баланың отбасы  мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық-физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

-баланың жеке дамуы үшін білім беру траекториясын құруда баланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігінің есепке алу;

-баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету;

-отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;

-балалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатысу;

-ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру және ата-аналарды оқыту үшін берілген меңгеру негізінде көтеру.