ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская, көшесі. 4/2 ғимарат
+7(7232)75-28-62
kbalabaksha@mail.kz

Қабілетті баламен жұмыс

Мектепке дейінгі ұйымның дарынды және қабілетті балалармен жұмыс бағыты

Мақсаты: Дарынды және қабілетті балаларды анықтап, қолдап, дамыту үшін жағдайлар жасау.

Мақсатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары:

-дарынды және қабілетті балалардың даму үдерісін ғылыми-әдістемелік және психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;

-дарынды және қабілетті балалардың жеке даму траекторияларын жүзеге асыру;

Дарынды және қабілетті балалармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелілігін арттыру үшін туғызылатын жағдайлар:

-педагогикалық үдерісті балалардың жеке дамуының жақын аймағын ескере ұйымдастыру;

-тәрбиеленушілердің қабілеттері мен қызығушылықтарына қарай үйірме жұмыстары;

-тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірлескен жеке жобалау іс-әрекеттері;

-жеке зияткерлік шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған ойындар;

-мектепке дейінгі балалардың жобалау іс-әрекеттерін жүзеге асыру;

-зияткерлік шығармашылық ойындар ұйымдастыру;

-дарынды және қабілетті балаларды дамыту негізінде ата-аналарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру;

-тәрбиеші-педагогтармен дарынды және қабілетті балалармен жүргізілетін іс-әрекет түрлерін жетілдіру бойынша жұмыс әдістерін жүзеге асыру.