«Денсаулық» шығармашылық тобы

Мақсаты: Денсаулығы мықты, дене бітімі дамыған баланы тәрбиелеу, тәрбиеленушілердің бойында өз денсаулығына саналы түрде қарауды қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
-тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін игеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларды, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру;
-дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, түрлі қимылды ойындарды өткізу;
-ата-аналарды өтілетін шараларға қызықтыра қатыстыру және ұйымшылдыққа, ұжыммен біріге жұмыс істеуге дағдыландыру;
-балалардың физикалық сапаларын (төзімділік, ерік, күш, сенімділік, табандылық) дамыту;
-дамыту бірлестігіне енгізілген пәндердің өзара ортақ жоспарын құру;
-пән педагогтарына өзара ҰОҚ қатысып, денсаулықсақтандыру міндеттерін бірлесе шешу;
-ата-аналардың шығармашылық топтың жоспарына сәйкес бала тәрбиесіне бірлесе ат салысуына педагогикалық тұрғыдан ықпал ету;
-ата-аналарды педагогикалық және медициналық жаңалықтармен ақпараттандырып отыру.