ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская, көшесі. 4/2 ғимарат
+7(7232)75-28-62
kbalabaksha@mail.kz

Логопедиялық қызмет

Логопедиялық қызмет мақсаты – тіл мүкістігі бар балалардың  сөйлеу бұзылыстарын түзету және дамыту.

Міндеттері:

-сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формаларына тән сөйлеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын зерделеу;

-тіл кемістіктерінің таралуын, көріну деңгейін, белгілерін анықтау;

-тіл кемістіктерінің себептерін, механизмдерін, құрылысын анықтау.

-тіл кемістіктерін жүйелеу;

-тіл кемістіктерінің алдын алу, болдырмау жолдарын іс-әрекет түрінде ұйымдастыру;

Логопедиялық жұмыс бағыттары:

тіл кемістіктерін анықтау;

тіл кемістіктерін жою;

тіл кемістігін болдырмау.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  № 106  «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы ҚМҚК-ның логопедиялық қызметінің жұмыс бағыты.

Логопедиялық қызмет мақсаты сөйлеу тілінде мүкістігі бар мектеп жасына дейінгі балаларға уақытылы түзету-дамыту көмегін көрсету.

Міндеттері:

сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формаларына тән сөйлеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын зерделеу;

сөйлеу тілінде мүкістігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

балалардың дыбыстарды бұзып айтуы мен жазуларының алдын алу;

балалардың сөздегі дыбыстарға ерікті түрде зейін қою дағдыларын дамыту;

мектепке дейінгі мекемедегі педагогтар мен ата-аналар арасында логопедиялық оқу қызметтерді насихаттау;

балаларды өз тіліндегі кемістікті жөндеуге деген талпынысқа бейімделу ортасындағы эмоционалдық көңіл-күйін сақтауға тәрбиелеу;

мектепке дейінгі баланың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін және мүдделерін ескере отырып,  логопедиялық жұмыс әдістерін жетілдіру;

тілді дамытудағы мамандырылған көмек пен жалпы білім беру топтарының балаларымен ҰОҚ-ін өзара кіріктіру;

Логопедиялық жұмыс бағыттары:

-тіл кемістіктерін анықтау;

тіл кемістіктерін жою;

тіл кемістігін болдырмау.

Сөйлеуінде қиындықтары бар балалардың ата-аналарына

Сөйлеуінде қиындықтары бар балалардың ата-аналарына нені білу керек:

1 Әр жаста баланың  оқу түрлерін қабылдауы әртүрлі болады;

2 Кеш сөйлеу жалпы  психикалық дамуында да көрініс табады: қабылдау, ойлау,  зейін, есте сақтау, жұмысқа қабілет;

3 Тілінде мүкістігі бар балалардың мінезінде де өзгерістер болады: тұйықтық, ұялшақтық, аз сөйлеу, сөздерін жеңілдетуге арналған түрлі қулықтарға бару;

4 Қиындықтарын жеңуде сәтсіздікке ұшыраған балалар өздерін қор санап, күйзеліске түсіп, мазасыз келуі мүмкін;

5 Сөйлеу тілінде мүкістігі бар  балалардың  жалпы дискоординациясында, іс-әрекеттерінде де тежеліс болады;

6 Ойын дұрыс жеткізе алмағандықтан,  құрдастарымен ортақ іс-әрекеттері бұзылады. Балаға ойынның ережелері, мазмұны түсінікті болса да, олардың алдында күлкілі болып көрінуге қорқады;

7 Кейбір балалардың ойыншықпен алдануы ойынға ұқсамайды, мағынасыз келеді;

8 Бала кезде  дыбыстарды түзетпеу баланың жазуы мен оқуына кері әсерін тигізеді;

9 Жоғары сыныпта  түзетілген  дыбыстарды сөйлеуге қосу өте қиын;

10 Сөйлеуде ақау болу сүйікті  мамандықды  таңдауда, жалпы күнделікті өмірде қиындықтар тудыруы мүмкін;

Логопедиялық сабақтар  тілдің  сөйлеу қызметін жақсарту үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар жалпы гормондық даму үшін де өте маңызды.

Тіл кемістігі бар балалардың ата-аналарына арналған кеңес

Сөйлеу тілі кемістігі бар балалар дегеніміз — есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің (грамматикалық құрылымының, сөздік қорының) қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.

Дыбыстарды айтуының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.

Сөйлеу тілінің дамымауы баланың интеллектуалды, сенсорлы, ерік аяларының қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Сөйлеу тілі бұзылыстарымен психикалық дамудың басқа жақтарының арасындағы байланыс екіншілік ақаулардың пайда болуына себепші болады.

Сол себепті осындай кемшіліктерге жол берілмес үшін ата-аналар балаларының жазу дағдысына ғана емес, сонымен қатар ауызша сөйлеу тіліне де көп назар бөлуі тиіс деген кеңес беріледі. Көптеген ата-аналар балаларының дұрыс дыбыстай алмайтын дыбыстары өзімен-өзі түзеліп кетеді деп ойлайды, бірақ балалар мектеп табалдырығын аттаған сәтте оларға сөйлеу тілі кемістігіне байланысты келеке етіп күле бастайды. Осы себептен бала тұйықтала бастайды да балада түзете алмайтын логофобия пайда болады.

-Балалардың аяқтары мен қолдары икемді, мықты және дұрыс дамуы үшін жаттығу жасалу керек.

-Дененің бұлшық еттеріннің негізгілерінің бірі болып табылатын тілмен де жұмыс жасалу керек. Дыбыстарды дұрыс дыбыстау үшін тіл жақсы дамытылуы тиіс. Бұл үшін арнайы артикуляциялық жаттығулар бар. Егерде артикуляциялық жаттығуларды жасауды ерте бастасаңыз, балаңызға нұр үстіне нұр болар еді. Бала өзіннің тілінің қимылын егжей-тегжейлі көруі үшін ол алдымен айнаның алдында жасалады.

-Логопедиялық сабақтардың қорытындыларын бекіту үшін әрдайым үй жұмысын жасауды әдетке айналдырыңыз;

Үйде жайлы атмосфера құруға тырысыңыз;

Сабырлы болыңыз;

Балаңыз сізбен қарым-қатынасқа түскен кезде мұқият тыңдаңыз;

Балаңыз бір затпен айналысып отырғанын көрсеңіз, баланың іс-әрекетті сипаттап беруін сұраңыз;

Заттардың атауын көп айтып, қысқа фразалармен сөйлесуге тырысыңыз;

Баланың сұрағына түсінікті және қысқа фразалармен түсіндіріңіз;

Баладан үнемі «Не істеп жатырсың?» деп сұрап отырыңыз;

Баламен шығармашылық жұмыстар жасаңыз, мысалы: ермексазбен, ойыншықтармен ойнаңыз;

Көбінесе сөйлеу тілі кемістігі бар балалар өз жас ерекшеліктеріне қарай қалыпты тамақтанбайды. Себебі оларға алма немесе сәбізді жеп қою үлкен мәселе туғызады. Бұл жақ бұлшық етттерінің әлсіздігімен сипатталады. Сонымен қатар артикуляциялық аппарат қимылының дамуын тежейді. Сол үшін балаңызға міндетті түрде кепкен нанды, шикі көкеністерді, кесек-кесек еттерді, жеміс-жидектерді жеуін талап етіңіз;

-Бет бұлшық еттердің және тілдің қимылын дамыту үшін «Ауызды шаю» жаттығуын көп пайдаланғаныңыз жөн;

Баланың ұсақ моторикасын дамытуды да ұмытпаңыз. Бала өзінің икемсіз саусақтарымен мүмкіндігінше көп жұмыс жасауы керек. Бала өз қолымен түймелерді тағып-шешу қимылдарын өзі жасауы тиіс.

Ата-аналар балаларының қай кезде қандай дыбыстарды дыбыстауын білуі керек;

1-2 жаста-дыбыстар : А, У, О, И, П, Б, М

2,5 жаста-дыбыстар: Г, К, X, Й, Ы, Г, К, X

З жаста-дыбыстар: Ф, С, 3, Т, Д, Н, Ц

4 жаста-дыбыстар: Ж, Ш, Ч, Щ

5 жаста-дыбыстар: Л, Р

Баланың дұрыс емес сөйлеуін қандай жағдай болмасын құптамаңыз;

Тіпті кішкентай балаға да анық және әдемі сөйлеңіз;

Бала өз ойын қалай жеткізетініне назар аударыңыз (сөйлемдерді дұрыс құрастыра ала ма? Септіктерді, көмекші сөздерді дұрыс қолдана ала ма?);

Егерде бала қатты немесе керісінше ақырын дауыспен сөйлессе отолоринголог маманына жолығуыңыз тиіс, себебі бала нашар естуі мүмін немесе дауыс аппаратының ақаулары болуы мүмкін;

Балаңыздың қызығушылығындағы видеоларды бірге қараңыз және аудиоматериалдарды тыңдаңыз, себебі балаңыз не естиді соны айтады;

Егерде сіз балаңыздың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қателіктер байқасаңыз, бұл қателікті түзететін логопед маманына жолығыңыз.