ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская, көшесі. 4/2 ғимарат
+7(7232)75-28-62
kbalabaksha@mail.kz

Психологиялық қызмет

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  № 106  «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы ҚМҚК-ның психологиялық қызметінің жұмыс бағыты.

Мекемедегі психологиялық қызметтің мақсаты:

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру кезеңінің әрбір жас ерекшеліктер сатысындағы балалардың жан-жақты дамуына максималды мүмкіндікті арттыруға қолайлы психологиялық жағдай туғызу.

Осы мақсатты жүзеге асыруда психологиялық қызмет төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

-балалардың психологиялық денсаулығын сақтау;

-оқытып тәрбие беру үрдісінде балалардың даму деңгейі мен жеке тұлғалық ерекшеліктерінің және психикалық тұрғыда даму динамикаларын жүйелі түрде бақылау;

-балалардың мектепте білім алуына психологиялық дайындықты, яғни оқу әрекетінің психологиялық алғышарттары болып табылатын: қиял, бастамшылдық, еріктілік, өз еркімен таңдау жасай білуге деген қабілеттерінің дамып қалыптасуына ықпалдық ету;

-оқытып тәрбие беру үрдісіне және мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтардың іс-әрекетін психологиялық тұрғыда сүйемелдеу.

Аталған мақсат-міндеттер 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1 Диагностикалық                         

2 Түзетуші-дамытушы

3 Ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру

Оқу жылы көлемінде жүргізілетін жұмыстар білім мен тәрбие беру үрдісінің негізгі қатысушылары балаларды, педагогикалық ұжымды, ата-аналарды қамтиды.

Психологиялық қызмет

Мемлекеттік стандарттың жетекші шарттарының бірі тәрбие мен оқыту үдерісінде психологиялық сүйемелдеу арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға жағдайлар туғызу.

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің  психологиялық денсаулығын сақтау, білім  беру үрдісіне қатысушыларына психологиялық сүйемелдеу жасап, жағымды әлеуметтік психологиялық атмосфера туғыза отырып, дарынды және қабілетті бала тұлғасының жан-жақты дамып қалыптасуына жағдай жасау.

Психологиялық қазыметтің негізгі жұмыс бағыттары:

Ағартушылық– профилактикалық;

Түзету – дамыту;

Әлеуметтік;

Ағартушылық;

Диагностикалық.

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Баланың балабақшаға  оңтайлы бейімделуіне байланысты жадынама:

Баланың балабақшаға барғысы келмеуінің жиі кездесетін себептері:

1 Күн тәртібінің өзгеруі;

2 Үйреншікті жағдайы, ортаны өзгерткісі келмеуі;

3 Балабақша тағамдарының үйдегіден өзгеше болуы;

4 Тәрбиешінің ұнамауы;

5 Баланың жиі ауыруы, сол себептен онымен басқа балалардың ойнамауы.

Ата-аналар міндеті:

Жоғарыда аталған мәселелерді бала үшін тиімді шешуге көмектесу, жан-жақты қажетті жағдай жасау:

-баланы балабақшаға баруға рухани тұрғыда қоршаған орта мен күн тәртібінің өзгеруіне алдын-ала дайындау;

-үйдегі күн тәртібін балабақшаның күн тәртібіне ұқсас етіп мүмкіндігінше өзгерту;

-балаға балабақшаға барудың қажеттілігін және маңыздылығын түсіндіру;

-бірінші күннен бастап балабақшаға барудың мідеттілігін ұғындыру;

-түнгі ұйқыға баланы уақытында жатқызу және таңертең сергек оянуына жағдай жасау;

-баланы үйде таңертең тамақтандырмау, қалтасына шоколад, печенье, сағыз салып бермеу;

-баланың тәрбиешіге, басқа балаларға қатысты шағымдарына уайыммен қарамай, керісінше, ата-ана бұны байыппен қабылдап, орнықтылықпен баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыруы  тиіс

«Үлкендер атаулы, өсіп келе жатқан шағымда сендердің езу тартқан мейрімдерің мен үшін өте қажет. Өскең соң мен де сол мейріммен қарайтын болам, өйткені сендер де оны қажет етесіңдер».

Ш. Амонашвили

Балаларды мейірімділікке тәрбиелеудегі ата-аналар кодексі

1 Мейірімділіктің басы табиғатқа және адамдарға деген сүйіспеншіліктен басталады.

2 Балаңызды қаншалықты жақсы көрсеңіз, соншалықты оған талап қоя біліңіз.

3 Мейірімді істі өздеріңіз көп жасаңыздар, балаларыңыз да мейірімді болады.

4 Баланың өзіңізге қуанышпен қарайтыңдай жағдайды өзіңіз жасауыңыз керек. Өзіңізді басқара білуге, ұстамды болуға тырысыңыз.

Ақылмен тәрбиелеудің кеңестері

1 Көңіл күйіңіз жоқ сәтте, баланы тәрбиелемеңіз.

2 Баладан нені қалап тұрғаныңызды (жақсылап оған түсіндіріңіз)

3 анықтап алыңыз, сосын ол туралы оның ойын тыңдаңыз.

4 Баланың өз бетімен әрекет етуіне жағдай жасаңыз, әрбір қадамын қадағалай бермеңіз.

5 Баланың жеке тұлғасын емес, әрекетін бағалаңыз. Адамның жаратылысы мен оның кейбір әрекеттеріне бірдей көзқараспен қарауға болмайды.

6 Баланы сезінуге тырысыңыз (күлімдеп қараңыз, жақын тартыңыз) кейбір қателіктеріне қарамай оны түсінетіңізді ,оған сенетініңізді білдіріп отырыңыз.

7 Тәрбиеші әрі қатал, әрі мейірімді болуы тиіс.