
«Денсаулық» шығармашылық тобы
Мақсаты:
Денсаулығы мықты, дене бітімі дамыған баланы тәрбиелеу, тәрбиеленушілердің бойында өз денсаулығына саналы түрде қарауды қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
-тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін игеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларды, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру;
-дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, түрлі қимылды ойындарды өткізу;
-ата-аналарды өтілетін шараларға қызықтыра қатыстыру және ұйымшылдыққа, ұжыммен біріге жұмыс істеуге дағдыландыру;
—балалардың физикалық сапаларын (төзімділік, ерік, күш, сенімділік, табандылық) дамыту;
-дамыту бірлестігіне енгізілген пәндердің өзара ортақ жоспарын құру;
—пән педагогтарына өзара ҰОҚ қатысып, денсаулықсақтандыру міндеттерін бірлесе шешу;
-ата-аналардың шығармашылық топтың жоспарына сәйкес бала тәрбиесіне бірлесе ат салысуына педагогикалық тұрғыдан ықпал ету;
-ата-аналарды педагогикалық және медициналық жаңалықтармен ақпараттандырып отыру.
Күтілетін нәтиже:
-мемлекеттік стандарттың, тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сай жүйелі түрде жұмыс жүргізу.


«Коммуникация» шығармашылық тобы
Мақсаты: Балалардың тілдік-коммуникативтік қабілеттерін дамытудың педагогикалық жағдайларын жасау.
Міндеттері:
-әрбір жеке тұлғаның байланыстырып сөйлеудегі тілдік әлеуеттік мүмкіндіктері негізінде;
-тілдік құзыреттілікті арттыруға бағытталған семинарлар жүйесін жоспарлап жүзеге асыру;
-балалардың тілдік қорын молайтуға байланыстырып сөйлеуін дамытуға негізделген ұйымдастырылған оқу қызметінің жаңа үлгілерін ұсыну.
Күтілетін нәтиже:
-өзара тәжірибе алмасу нәтижелерін өз жұмыстарында қолдану;
-заманауи білім беру технологияларын өз іс-тәжірибелерінде тиімді етіп қолдану;
-мемлекеттік стандарттың талаптарына сай жүйелі түрде жұмыс жүргізу.




«Таным» шығармашылық тобы
Мақсаты: Балалардың интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық жағдайларын жасау.
Міндеттері:
-әрбір жеке тұлғаның зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-балалардың ізденіс-зерттеу тақырыптарын дұрыс таңдап, өз бетінше жобалық іс-әрекеттерін жүргізуге бағыт-бағдар бере отырып, нәтижесін көру;
-дарындылықты және қабілеттілікті дамытуға арналған тапсырмалар негізінде дамыту;
-дарынды және қабілетті балалармен жұмысты, жас мамандармен, тәжірибелі педагогтердің жұмысын ұйымдастыру;
-балалардың білім деңгейлері мен зияткерлік-шығармашылық қабілеттерінің деңгейлерінің нәтижесін зияткерлік-шығармашылық ойын негізінде көру.



Күтілетін нәтиже:
-өзара тәжірибе алмасу нәтижелерін өз жұмыстарында қолдану;
-мемлекеттік стандарттың талаптарына сай жүйелі түрде жұмыс жүргізу.

«Шығармашылық» шығармашылық тобы
Мақсаты: Өнер қадірін түсінетін эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттері:
-баланың жеке басын дамыту, оның рухани әлемін байытудың;
-балалардың музыкалық-көркемдік талғамдарын, сезімдерін, көзқарастарын тәрбиелеп қалыптастырудың;
-балалардың мәдени мұраға деген танымдық қызығушылықтарын кешенді түрде жүргізудің жоспарын жасау;
-сазды сезімді музыка, би, бейнелеу өнері арқылы гармониялы жеткізудің білігі мен дағдысын кіріктірілген шараларын ұйымдастыру;
-ерекше дарынды балалардың білімін, сезімі мен талғамын таным үрдісі арқылы тереңдетуді үйірме жұмыстары арқылы жүзеге асырудың жаңартылған әдістері мен тәсілдерін ұсыну.
Күтілетін нәтиже:
-үйірме жұмыстарының жаңартылған әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдану;
-өзара тәжірибе алмасу нәтижелерін өз жұмыстарында қолдану;
-заманауи білім беру технологияларын өз іс-тәжірибелерінде тиімді етіп қолдану;




«Әлеумет» шығармашылық тобы
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды қолайлы әлеуметтендіру, балаларды мәдени-әлеуметтік нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекеттің дәстүрлеріне баулу.
Міндеттері:
-әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын игерту;
-қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту;
-баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін, дәрбестігін тәрбиелеу;
-өзінің отбасы мен құрбыларына жақындық сезімін, оларға құрметпен қарауды, эмоционалды елгезекті, жанашырлықты қалыптастыру;
-қазақ халқының, сондай-ақ басқа халықтардың тарихын , мәдениетін білу мен құрметтеуді, Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейту;
-еңбек түрлері мен түрлі мамандық иелеріне қызуғышылықты қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-мемлекеттік стандарттың, тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сай жүйелі түрде жұмыс жүргізу.

