ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская, көшесі. 4/2 ғимарат
+7(7232)75-28-62
kbalabaksha@mail.kz

Бөбекжай туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы КМҚК тарихы

1991 жыл 

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының орталығында 1991 жылы тұңғыш  бүлдіршіндерге арналған қазақ тілінде білім, тәлім-тәрбие беретін «Қарлығаш» балабақшасы ашылып, тұсауы кесілді.               

1992 жыл

Мамыр айында «Қарлығаш» балабақшасы өзінің алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдады

1994 жыл

Қазақ тілінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы ғылым академиясында қаралып, бекітілді. Сол жылы балабақшаға гимназия статусы берілді

1996 жыл

Сорос-Қазақстан  қоры, «Step by Step» бағдарламасын жүзеге асыру эскперименттік алаңдарының біріне айналды.

1997 жыл 

Балабақша  дарынды балаларға арналған  «Восток» ҒЗДОАО-ның құрамына кіріп, дамыта оқыту технологиясы жүйесінде жұмыс жасады.

2003 жыл 

Мектепке дейінгі мекеме ұжымы 2003 жылы «Мен-жеке тұлға» деп аталатын төл бағдарламасын жасап шығарып, 2005 жылы бағдарламаға оқу әдістемелік нұсқаулар дайындады.

2011 жыл

«Қарлығаш» балабақшасының жетістіктері тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында облысымыздың атынан шыққан «Еліміздің алтын алқасы» кітабына енгізілді.

2014 жыл 

Шығыс Қазақстан облысы дінтанушыларының  ІІ Форумында мектепке дейінгі балаларды «Инабаттылыққа тәрбиелеу» жобасын қорғады.

2014 жыл

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ainaline» тілдердің үштік бірлігін дамыту бағдарламасын жасады

2016 жыл 

«Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» ІІ Республикалық оқуларына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

2018 жыл 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, дарынды балаларға арналған «Восток» ҒЗДОАМКО-ның құрамдас бөлігі «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекемесі қараша айынан бастап қалалық білім беру бөліміне ауыстырылып, Өскемен қаласы әкімдігінің №106 «Қарлығаш» балабақша бөбекжайы КМҚК болды.

2019-2021 жыл 

ҚР Білім және Ғылым Министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығымен бекітілген «Shugylakitap» баспасындағы мектеп жасына дейінгі (2-5 жас) балаларына арналған балабақша ұжымының әдістемелік құралдары жарық көрді. «Математика негіздері», «Сөйлеуді дамыту», «Жаратылыстану», «Қоршаған ортамен танысу», «Көркем әдебиет», «Көркем әдебиет хрестоматиясы», «Экология негіздері», «Дидактикалық ойындар жинағы» және т.б.

2021 жыл 

Ұлттық құндылықтарды бағалауды үйрету бағытында балабақша педагогтарының «Shugylakitap» баспасындағы «Инабаттылық тәрбиесі» оқу әдістемелік құралы жарық көрді.

2021 жыл 

Өскемен қаласы әкімдігінің №106 «Қарлығаш» балабақша бөбекжайы КМҚК қаңтар айынан бастап  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы КМҚК  болды.