ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская, көшесі. 4/2 ғимарат
+7(7232)75-28-62
kbalabaksha@mail.kz

Денсаулық

«Денсаулық» шығармашылық тобы

Мақсаты: Денсаулығы мықты, дене бітімі дамыған баланы тәрбиелеу, тәрбиеленушілердің бойында өз денсаулығына саналы түрде қарауды қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

-тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін игеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларды, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру;

-дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, түрлі қимылды ойындарды өткізу;

-ата-аналарды өтілетін шараларға қызықтыра қатыстыру және ұйымшылдыққа, ұжыммен біріге жұмыс істеуге  дағдыландыру;

-балалардың физикалық сапаларын (төзімділік, ерік, күш, сенімділік, табандылық) дамыту;

-дамыту бірлестігіне енгізілген пәндердің өзара ортақ жоспарын құру;

-пән педагогтарына өзара ҰОҚ қатысып, денсаулықсақтандыру міндеттерін бірлесе шешу;

-ата-аналардың шығармашылық топтың жоспарына сәйкес бала тәрбиесіне бірлесе ат салысуына педагогикалық тұрғыдан ықпал ету;

 -ата-аналарды педагогикалық және медициналық жаңалықтармен ақпараттандырып отыру.