«Қарлығаш» балабақшасына 30 жыл!
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайының 30 жылдық мерейтойына арналған 25 сәуір мен 29 сәуір аралығында апталық өткізілді. Балабақшаның 30 жылғы тәжірибесіндегі ұтымды тұстары «Шеберлік үлгісі», «Ата-ана баланың алтын діңгегі», «ойна да ойлан», «Қарлығаш – киелі құс», бала шақтан болашаққа» тақырыптарында тәжірибе арқылы ұйымдастырылды. Тәжірибе бөлісу мақсатында өткізілген апталықты – педагог әріптестеріміз өте жоғары деңгейде бағалады.