ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская, көшесі. 4/2 ғимарат
+7(7232)75-28-62
kbalabaksha@mail.kz

Жадынамалар

  1. Признаки подготовки теракта

Ата – аналар үшін

Жаднама №1

Балабақша – ата-аналарды баланы оқыту мен тәрбиелеуден босататын мекеме емес, жұмыс уақытында ата-аналарға көмек көрсетуші ұйым.

Балабақша – бұл бюджеттік мекеме, жұмыс уақыты 07.00 – 19.00 дейін. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

Балабақша қызметкерлері – жеке жалданған қызметшілер емес, олар бала тәрбиесі саласынан педагогикалық, психологиялық көмек көрсететін біліктілікке ие мамандар. Бұл мамндардың көмегімен бала дамуындағы мәселелер анықталып, уакытылы көмек көрсетудің жағдайлары жасалып отырады.

Балабақша қызметкерлері – өзге адамдар іспеттес: олардың да отбасы, балалары және жеке мәселелері болады. Олар қатаң белгіленген кесте бойынша Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істейді.

Балабақша қызметкерлері – еңбек ақылары ең төменгі категоряға жатқызылатын маман  иелері, сондықтан балабақшада өз мамандығына шынайы берілген, балаларды жақсы көретін адамдар ғана жұмыс жасайды.

Ата-аналардың балабақшадағы мінез-құлық ережелері

-Балабақша – түзету мекемесі емес, мейірімділік пен қамқорлық көрсету үйі, сол себепті бала тыңдамаған уақытта балабақшамен, тәрбиешімен қорқытудың қажеті жоқ.

-Ертеңгісін балабақшаға келгенде балабақша қызметкерлерімен сәлемдесуді ұмытпаңыз.

-Топ ішінде эмоционалдық көңіл күйдің орнауына белсенділік танытып жүріңіз. Балабақшаның дамытушы ортасына, топ іс-әрекетіне, даладағы телімдердің (құрылыс, гүлзарлар, құмсауыт, сырғанақ (жазда), мұз пішіндер жасау, қар тазалау(қыста) жұмыстарына белсене қатысыңыз. Тәрбиеші мамандығының  нәзік жандылар қатарынан тұратынын есте сақтап, мәрттік танытуды ұмытпаңыз.

-Топтағы хабарламаларға жиі көңіл бөліңіз, ол жерде сіздің балаңыздың дамуына, келешек өмірлеріне ықпал етуге бағытталған ақпарлар болуы мүмкін.

-Тәрбиешілермен әңгімелесу барысында балаңыздың қандай тамақ ішіп, кіммен ренжіскені жайлы ғана емес, оның сол күнгі жетістігі мен кемшілігі туралы да білуге тырысыңыз.

-Мекемедегі балаңызбен жұмыс жасайтын мамандардың барлығының аты-жөнін біліп жүріңіз. Балаңыздың туындаған мәселелерін шешуде олар өз көмектерін беретін адамдар екенін есте сақтаңыз. Баланы этикетке үйрету кішкене кезден басталатындықтан олармен сыпайы әңгіме жүргізуге тырысыңыз және балабақшадағы айналысқан іс әрекеттерін сұрау барысында «музыка апаймен, тәрбиеші апаймен» дегеннен гөрі Манат Мұстафақызымен, Динара Құнанбайқызымен қандай ән, тақпақ үйрендіңдер деп сұраған жөн болады.

-Мамандардың берген кеңесіне құлақ салып жүргеніңіз дұрыс. Қанша дегенмен өзіңізге қарағанда сіздің балаңыз уақытының басым көпшілігін сол адамдармен бірге өткізеді.

-Туындаған мәселелерді шешуде (балабақшаға бармаймын, топта мені ренжітеді т.с.с.) бірден балабақша меңгерушісіне шағымданбай алдымен тәрбиешімен және мекеме психологімен шешуге тырысыңыз.

-Балабақшаның төлемақысын уакытында төлеп отыруды ұмытпаңыз, өйткені балаңыздың тамағы тікелей сіздің төлемақыңызға байланысты.

-Баланы себепсіз балабақшадан қалдырмаңыз, ол баланың өз жасерекшелігіне сай білуге тиісті маглұматтарды игере алмай қалыс  қалуына ықпал ететінін жадыңызда сақтаңыз.

-Балаңызды өзге баламен салыстыра отырып, кемшілігіне өзге адамдарды кінәлі етуден аулақ болыңыз, оның орнына баланың жағдайын ескере отырып, мамандармен бірлесіп шешім қабылдауға ұмтылыңыз.

-Балаңызды балабақшаға кешіктірмей әкеліп, уақытында алыңыз. Балаға кешігіп келу арқылы тәрбиешіні  жеке уакытынан ғана емес, балаңыздың сізбен қарым-қатынаста болу уақытынан да айырасыз. Сізге өз уақытынан кешіксеңіз ешбір ұйым қызмет көрсетпейтінін есіңізге түсіріңіз, балабақша қызметкерлерінің мейірімділігін шектен тыс пайдаланбаңыз.

-Балаға ішімдік ішіп келуден аулақ болыңыз. Ондай жағдайда тәрбиеші баланы сізге бермейді және жағдайыңыз жайлы полицияға хабарлайтын болады.

-Ауырып тұрған баланы балабақшаға әкелмеңіз. Бұнымен тек өзіңіздің балаңыздың ғана емес, өзге балалардың да денсаулығына зиян келтіресіз (ауырған баланың үйде анасының қасындағы жағдайда болуы тиіс).

-Балабақшаға дәрі әкелмеңіз. Педиатр дәрігердің рұқсатынсыз ешбір адам балаға балабақшада дәрі беруге құқылы емес.

-Егер бала ауырған болса балабақша мейірбикесіне хабарлап айтыңыз.

-Баланы балабақшаға жалғыз жібермеңіз. Бұнымен сіз бала өміріне үлкен қауіп төндіресіз. Баланы тәрбиеші сізден қабылдап алуы тиіс.

-Баланы балабақшадан отбасының үлкен адамдары ғана ала алады. Кәмелетке толмаған балаларға баланы тәрбиеші бере алмайды.

-Балабақшадан баланы өзіңіз ала алмайтын жағдайда өзге адамның келіп алатынын тәрбиешіге алдын ала ескертіңіз.

Сыпайылық қарым-қатыасты ұстаныңыз!

Балаңыздың барлық жақсы да жаман да қасиеттерді сізден үйренетінін ұмытпаңыз.
-Өзіңізге сырт көзбен қарауға әдеттеніңіз. Өз әрекеттеріңізге жиі талдау жасап, өзгеруге тырысыңыз. Өйткені баланы өзіңіз өзгертесіз!

Балабақша-бөбекжайы директоры – Каримова Жанар Куматаевна
Әдіскер – Кожанова Бағжан Мураткановна
Педагог-психолог – Байтикова Құралай Амангельдыновна

Байланыс телефоны: 76-38-52
Балабақшаның мекен-жайы: Қанипа Бітібаева, 4/2 үй.